Денисов ауданындағы дәрілік заттардың бағасын қоғамдық бақылау

Денисов ауданындағы дәрілік заттардың бағасын қоғамдық бақылау

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарға баға белгілеу тетігін жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шаралар қабылдады және халық үшін дәрілік заттардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізуде.

Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары Денисов ауданының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп 2026 жылғы 16-30 қаңтар аралығында Денисовка ауылының дәріханаларында дәрілік заттарға белгіленген бағалардың сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді. Жүргізілген мониторинг барысында дәрілік препараттарға бағаны көтеру фактілері анықталған жоқ, бұл қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын және дәрілік қамтамасыз ету саласында қабылданатын мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін көрсетеді.