Денисов аудандық маслихатының кезектен тыс сессиясы

Денисов аудандық маслихатының кезектен тыс сессиясы

2025 жылғы 28 қарашада Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған Денисов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізілді, сессияда мынадай мәселелер қаралды:

1. Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі Жакенова Бақытгүл Кеңесқызы тыңдалды, ол нормативтік актінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұжырымдарын нақтылауға және келтірілуіне байланысты өзгерістер енгізу қажеттігі туралы түсіндірді.

Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау мәселесі бойынша мәслихат төрағасы Шерер Виктор Викторович тыңдалды.

Мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдауға дауыс берді.

Кезектен тыс сессия отырысының трансляция жазбасы Денисов аудандық мәслихатының Facebook парақшасында орналастырылған.

https://www.facebook.com/share/v/1D8L1NtuBE/