Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10 - бабын басшылыққа ала отырып, Денисов аудандық мәслихаты шығып қалғанның орнына Денисов ауданының № 350 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатар бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды.

Ұсыныстар саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күн мерзімде қабылданады.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер;

2) кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/documents/1?lang=kz мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.

Кандидатураларды тіркеу мына мекен - жайда өтеді: Денисовка ауылы, Калинин көшесі 5, каб. № 23, қызметтік телефон нөмірі – (871434) 2-14-36, электрондық пошта мекенжайы – den.maslixat@mail.kz

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты - жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.