Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

2025 жылғы 12 қыркүйекте Денисов аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына шақырылды:

Дранчуковская Лариса Анатольевна – «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімін іске асыру барысы туралы»;

2. Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімін іске асыру барысы туралы».

Тұрақты комиссия тиісті қаулылар қабылдады.