Аудандық мәслихаттың экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

Аудандық мәслихаттың экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы

2025 жылғы 12 қыркүйекте Денисов аудандық мәслихатының экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына шақырылды:

Компаков Қуаныш Жанзақұлы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ басшысы;

Подело Елена Николаевна - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

Комиссия отырысында келесі мәселе қаралды:

«Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2025 жылдың І жартыжылдығындағы 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі.

Тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.