Сапар барысында келесі шешуді талап ететін проблемалық мәселелер анықталды:
"Ақмола облысы Целиноград ауданы Өтеміс ауылында ФАП құрылысы" нысанын тексеру барысында (жобалық-сметалық құны – 208 861 000 теңге) келесі жағдайлар тіркелді:
Ақмол ауылындағы ХҚКО нысаны (040 Бағдарлама)
040 Бағдарлама – мемлекеттік органдар нысандарын дамыту – шеңберінде ХҚКО ғимаратының құрылысына бөлінген қаржы көлемі 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылған, алайда нақты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бөлімше басшысының айтуынша, қаржыландыру түспеген.
Көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша:
- "Астана-Көктем С" ЖШС нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілмей жатыр, өткен жылдан бері нысан тоқтап тұр.
- "Арнайы Құрылыс Компаниясы" ЖШС нысанында тек бір үшподъезді үйде ғана жұмыс жүріп жатыр, алаңда төрт жұмысшы ғана болды, қалған үйлердің құрылысы басталмаған.
- "Астана-Көктем С" ЖШС нысанына жақын орналасқан, құрылыс паспорты жоқ нысанда да төрт жұмысшы байқалды, бірақ белсенді құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ.
Қазіргі уақытта депутаттар Қадыркей С.Ж. мен Капанов А.Ш. ҚР Премьер-Министрі Бектенов О.А., Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. атына құрылыс мерзімдерін сақтау, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін күшейту және бақылауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөнінде депутаттық сауал әзірлеуде.
Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрі Альназарова А.Ш. атына Өтеміс ауылындағы ФАП ғимаратының құрылысын жедел әрі сапалы аяқтау бойынша шаралар қабылдау жөнінде депутаттық сауал дайындалуда.