2025 жылғы 15 сәуірде сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, аяқталғаннан кейін отыз бірінші кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті

Отырысқа Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т.Толқынбек, Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық газет редакциясының қызметкері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы (Ақмол, Қабанбай батыр, Қараөткел, Мәншүк Мәметова, Родина, Софиевка, Талапкер).

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы