2022 жылғы 17 қарашада онлайн форматта Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.

2022 жылғы 17 қарашада онлайн форматта Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.

35-ші кезектен тыс сессияның отырысында келесі мәселелер қаралды:

1) «Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпараттандырды: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Куликенов Бауыржан Әділбекұлы.

2) Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 «Целиноград ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпараттандырды: «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дюсебекова Айсұлу Олжабайқызы.

3)Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпараттандырды: «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дюсебекова Айсұлу Олжабайқызы.