2022 жылғы 17 қарашада сағат 11-де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың отырысы аяқталғаннан кейін Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтеді.

Қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Әділбекұлы Куликенов.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 «Целиноград ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айсұлу Олжабайқызы Дюсебекова.

  1. «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айсұлу Олжабайқызы Дюсебекова.

Отырыстың онлайн көрсетілімі мына сілтеме бойынша қолжетімді

https://aitube.kz/channel?id=0d9e8f90-b4aa-4127-9244-09ace681213b