Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының отыз төртінші сессиясының кезектен тыс отырысы

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының отыз төртінші сессиясының кезектен тыс отырысы

           

         2022 жылғы 10 қарашада аудан әкімі аппаратының акт залында (Ақмол ауылы) тұрақты комиссиялардың отырысы өтті, аяқталуы бойынша Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.

         Комиссия жұмысына Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы, «Amanat» партиясының депутаты Ләзат Қонарбаева, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Анаш Жантеміров, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова, Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары, Целиноград ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, әкім аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысының басшысы Сәкен Сүлейменов,  Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Сибанбаев Дәурен, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елеуова Айнұр, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

         34-ші кезектен тыс сессияның отырысында келесі мәселелер қаралды:

         1) Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 97/18-7 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Адылбекұлы Куликенов.

         2) Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға арналған тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

         Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Адылбекұлы Куликенов.

         3) «Целиноград ауданының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 467/70-6 шешімінің күшін жою туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Адылбекұлы Куликенов.

         4) Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

         5) Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

         «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Асқар Айтмұхамбетұлы Нуртазин хабардар етті.