2022 жылғы 10 қарашада сағат 11-де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың отырысы аяқталғаннан кейін Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтеді.

         Қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы         № 97/18-7 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Әділбекұлы Куликенов.

  1. 2023 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Әділбекұлы Куликенов.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы  № 467/70-6 «Целиноград ауданының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Әділбекұлы Куликенов.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
  2. Басқа сұрақтар.

Отырыстың онлайн көрсетілімі мына сілтеме бойынша қолжетімді

https://aitube.kz/channel?id=0d9e8f90-b4aa-4127-9244-09ace681213b