22 қыркүйекте Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов Целиноград ауданына жұмыс сапарымен келді

22 қыркүйекте Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов Целиноград ауданына жұмыс сапарымен келді

     

                Целиноград ауданында салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады: Қараөткел ауылының бала бақшасының құрылысын, Қараөткел ауылының көше-жол желісінің құрылысын, балалар спорт алаңының құрылысын, абаттандыруды, Қараөткел ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын, Өтеміс ауылындағы мектептің құрылысын, Ақмол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Ақмол ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысын.

               Құрылыс нысандарына барған кезде жүргізілетін жұмыстардың сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударылды.

               Аудандық мәслихаттың депутаттық корпусымен кездесу өткізді. Депутаттық корпуспен кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауына, алдағы сайлау процесіне байланысты еліміздің заңнамасындағы өзгерістер мәселелері талқыланды.

              Облыстық мәслихат хатшысының жұмыс сапарында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сайра Айтенқызы Матайбаева, Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Ләззат Амангелдіқызы Конарбаева еріп жүрді.