Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессия отырысы

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессия отырысы

2022 жылдың 8 қыркүйек күні Целиноград ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессия отырысы өтті.

Сессия жұмысына Целиноград ауданы әкімі Бахидбек Оспанбеков, Целиноград ауданы әкімінің орынбасарлары Анаш Жантемиров, Серик Оспанов, Қоғамдық кеңес төрағасы Сагадат Әшебеков, Ақмола облысытық мәслихатының депутаттары Сайра Матайбаева, Тимур Пшенов, Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары, ауылдық округ әкімдері, облыстық құрылым басшылары, мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, аудандық газет редакторы қатысты.

Сессияда Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының депутаты Ляззат Амангелдіқызы Конарбаева төрағалық етті.

Кезекті отыз екінші сессия отырысында ең алдымен күн тәртібіндегі  «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияның қарауына «Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» Целиноград ауданының әкімі Оспанбеков Бахыдбек Амантайұлы есеп берді.

         Кабанбай батыра ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Шамшегали Серикгалиұлы Оспанов, жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Қанат Ғалымжанұлы Темиров сөз сөйледі,  депутат Ибряев Сергей Александровичпен депутаттық сауал жолданды.

        

         Бұдан кейін сессия отырысында Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессия отырысы қарауына енгізілген барлық сұрақтар қарастырылды