Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты ардагер ұстаздар!
Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан.
Ауданда білім саласына айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға жыл сайын барлық жағдай жасалып келеді.
Білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл Сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасында өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты ұрпақ етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз.
Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыстар, ігі жақсылықтар мен мейірім тілейміз!
Құрметпен,
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Қонарбаева