Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс IX сессиясы өтті

Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс IX сессиясы өтті

Аудан әкімінің аппаратының мәжіліс залында 2021 жылдың 22 шілдесі күні Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Целиноград аудандық мәслихат хатшысы Болатбек Ибраев, Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б. Жұмабай, аудан әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлы, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Болатбек Ибраев ашып, кезектен тыс тоғызыншы сессиясы жұмысында қарастырылатын күн тәртібімен таныстырып өтті.

Сессия отырысындағы күн тәртібінде белгіленген Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту жөнінде Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б. Жұмабай ақпарат берді. Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту және ағымдағы жұмыстармен атқарылатын іс-шаралар жөнінен кеңінен талқыланды. Сессия жұмысында қаралған мәселе бойынша тиісінше шешім қабылданды.