Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы мен кезектен тыс IX сессия өтті

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы мен кезектен тыс IX сессия  өтті

Бүгін аудан әкімінің аппаратының мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезекті тұрақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы, Целиноград аудандық мәслихат хатшысы Болатбек Ибраев, Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бахтияр Жұмабай, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті қоғамдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Тұрақты комиссия отырысын Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясы төрайымы Индира Сәденова ашып, отырыста қарастырылатын күн тәртібімен таныстырып өтті.

«Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б. Жұмабай баяндама жасады. Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 6 қарашадағы № 18/4-4 «Целиноград ауданының Ақмол, Қараөткел, Софиевка, Қаражар, Қажымұқан, Қызылжар елді мекендерінің аумақтарын салудың бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанат Әбілов баяндады.

Комиссия отырысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталу арқылы өтті.