Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2021 жылдың 19 тамызында сағат 11-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы шақырылады.

Сессия қарауына шығарылады:

Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы туралы есебі

Баяндаушы: Бахидбек Амантайұлы Оспанбеков, Целиноград ауданының әкімі

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.

Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

                                                                           

Целиноград аудандық мәслихат хатшысы

Б. Ибраев