Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысы

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысы

Ағымдағы жылдың 21 маусым күні аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Қ. Әшебековтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына аудан әкімі Б.А. Оспанбеков, әкім орынбасары А.К. Айткужинова және де мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес 2021 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданықа енгізілген «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының соңғы өзгерістеріне байланысты «Целиноград ауданында заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау» мәселесі бойынша Целиноград ауданының полиция бөлімінің бастығы Қанат Ағзамұлы Битаков тыңдалды.

Қоғамдық кеңестің перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес «Салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту жөніндегі шаралар және Целиноград ауданы бюджетінің кірістерін ұлғайту жөніндегі жұмыс туралы» мәселесі бойынша Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Уәлихан Құланқадырұлы Әлібеков тыңдалды.

Отырыстың күн тәртібіндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және қоғамдық мониторинг қорытындылары туралы» үшінші мәселе бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Әсемгүл Жеңісқызы Ергелдинова тыңдалды.

 

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданатын болады.