Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы

2021 жылғы 17 маусым күні Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы, ауданның дербес бөлімдері басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері, мердігер ұйым өкілдері қатысты.

«Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы Джумагулов А.С. «Целиноград ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жай-күйі, жөндеу және күтіп-ұстау туралы» мәселесі бойынша ақпарат берді.

Целиноград аудандық мәслихатының депутаты И. К. Әбілқасымов «Целиноград ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жай-күйі, жөндеу және күтіп-ұстау туралы» мәселесі бойынша ауылдарға, ауылдық округтерге бару қорытындылары туралы анықтамамен сөз сөйледі.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша талқылау алдында ауданның автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша депутаттардың бірқатар нысандарды аралауының бейнесюжеттерімен танысу ұсынылды.