Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Нұр-сұлтан – Жидебай" атты экспедиция бастау алды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Нұр-сұлтан – Жидебай" атты экспедиция бастау алды

Бүгінгі күн - ел тарихындағы айтулы күн. Еліміздің тарихында тұңғыш рет өткізіліп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салт аттылар экспедициясына Нұр-Сұлтан – Жидебай бағытында 1000 шақырымды бағындыруға әуесқой салт аттылар өз бастамаларымен бірікті. Аталмыш экспедицияға алтын ұя ауданымыздың атынан әріптесіміз Оралбекұлы Дидар салт атпен аттанды. Экспедиция Ұлттық Ат туризм федерациясының ұйымдастыруымен өткізілуде. 20 күнге созылған сапар елордамыздың маңындағы Үркер шағын ауданының Бозоқ қалашығынан бастау алып, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы жерлеріндегі Олжабай батыр, Едіге би, Мәшhүр-Жүсіп Көпейұлы, Бұқар жырау, Абай-Шәкерім кесенелері, Қоянды жәрмеңкесінің орны, Торайғыров музейі тағы басқа киелі, тарихи орындарды аралайтын болады.

Бұл экспедицияның нәтижесі туристік маршруттар мен орындарды анықтау болып табылады, болашақта бұл орындар әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тарту нүктелеріне айналмақ.

Экспедиция қатысушыларына сәт-сапар, әсерлі шақтар тілейміз.