Депутаттар Өтеміс және Арайлы ауылдарында салынып жатқан мектептерді аралады

Депутаттар Өтеміс және Арайлы ауылдарында салынып жатқан мектептерді аралады

Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Болатбек Ибраев, Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Сайра Матайбаева, аудандық мәслихат депутаты Александра Бутакова Өтеміс ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан 120 орындық және Арайлы ауылындағы 300 орындық мектептер жағдайын, сапасын бақылау мақсатында аталмыш нысанды аралап шықты.

Депутаттар Өтеміс ауылындағы 120 орынға арналған мектеп құрылысын жүргізіп жатқан «Аспап» өндірістік кооперативі бас мердігерімен кездесті. Өтеміс ауылындағы мектеп құрылысын атқарушылар: техникалық бақылау «Стройинтеграция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бас жобалаушы «ПСД Строй проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Пайдалануға жаңа 2021-2022 оқу жылы басында қыркүйекте беріледі.

Бұдан әрі депутаттар Арайлы ауылындағы мектепте болды. Аталмыш мектеп құрылысы 2014 жылдан басталған. Бүгінде технологиялық құрал-жабдықтардың жоқтығы салдарынан мектеп пайдалануға берілмей отыр. Мердігер «Международный строительный консорциум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.