Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы

24 ақпанда Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысы жұмысына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Анаш Сәпиұлы Жантеміров, мемлекеттік мекемелер мен мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде «Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйі және олардың қызметін жақсарту жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды. Аталмыш мәселе бойынша   «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Үкіметқызы Сүйінжанова сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия қаулысы қабылданып, онда жергілікті атқарушы органдарға Целиноград ауданының 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесіне енгізе отырып, орындалатын жұмыстардың (ауылдық мәдениет үйлерінің, клубтардың, кітапханалардың) сапасы бойынша жұмысты қатаң бақылау, 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде мәдениет мекемелерінің (аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің, клубтардың, кітапханалардың) материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлуді көздеу ұсынылды.

«Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мәдениет мекемелері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметіне үнемі мониторинг жасауды жүзеге асыру, күрделі мәселелерді дер кезінде анықтау және оларды шешу жөнінде шаралар қабылдау, мәдениет саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты жетілдіру, олардың біліктілігін және шығармашылық шеберлігін арттыруға ұдайы назар аудару ұсынылды. Сондай-ақ эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеуді жақсарту бағытында мәдениет мекемелерінің қызметін жетілдіру, мәдени іс-шаралар мен конкурстық жобалардың мазмұнын үнемі байыту, оларға ауданның беделіне жұмыс істейтін жаңа формалар беру, көркемөнерпаздар өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлу ұсынылды.

Күн тәртібінің «Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 476/71-6 «2021-2023 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» екінші мәселесі бойынша «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлмира Бақытқызы Ыбраева баяндама жасады.