Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына

Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 наурызында сағат 11-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезекті  сессиясы шақырылады.

Сессия қарауына төмендегі мәселелерді енгізу ұсынылады:

1. Целиноград ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс туралы.

Ақпарат беруші: Нұркенов Арман Серікұлы, «Целиноград ауданы төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

2. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі.

Баяндаушы: Нұртазин Асқар Айтмұхамбетұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.

Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

                                                                            

 Целиноград аудандық мәслихат хатшысы

 Б. Ибраев