«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

2021 жылдың 12 ақпанында Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Б. Жұмабай мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ұйымдастыру іс-шараларының кестесіне сәйкес «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормалары талқыланды.

Сонымен қатар, Бахтияр Жұмабайұлы аппарат қызметкерлеріне жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға лауазымды адамдарға тыйым салынатынын жеткізді:

- егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға құқылы;

- ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады;

- педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға.

Көрсетілген тұлғалардың жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамауы олардың тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Этикалық кодекске сәйкес-мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды кішіпейіл сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті хаттама толтырылды.