
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 2 қазанында сағат 15.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына енгізіледі:
"2026-2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 447/58-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы".
Баяндамашы: Беркеева Анара Серікбайқызы, "Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, Целиноград аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша жолдаңыздар.
Телефон: (8-716-51) 30-501, 30-165, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық мәслихат төрағасы
Л. Конарбаева