Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғаұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдау болды.
Сессия барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Депутаттар есепті тыңдап, аумақты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралды.
Бұдан бөлек, аудандық мәслихаттың учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын негізгі мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.