Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияся отырысы мен кезектен тыс сессиясы өтті

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияся отырысы мен кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 4 қыркүйекте Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясы отырысы, ол аяқталған соң кезектен тыс жетпіс төртінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Ләззат Амангелдіқызы Қонарбаева жүргізді.
Сессия барысында депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған бірқатар ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу, Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №488/64-8 «Ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданылуын уақытша тоқтата тұру туралы» шешімінің күшін жою, сондай-ақ «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту мәселелерін қарады.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыруға бағытталған.