
1 қыркүйек – Білім күніне орай Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Лязат Амангелдіқызы Қонарбаева мен мәслихат депутаттары аудан мектептеріне барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты.
Мәслихат төрағасы Нұресіл ауылындағы мектепке барып, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Педагогтерге кәсіби табыс, ал оқушыларға жақсы оқу, жаңа білім мен жарқын жетістіктер тіледі.
Аудандық мәслихат депутаты Үмітжан Алпысбайқызы Оразалиева Тастақ станциясындағы бастауыш мектепке барып, салтанатты іс-шараға қатысты.
Депутат Амангелді Шәукенұлы Қапанов Ақмол ауылындағы №5 жалпы білім беретін мектепте өткен Білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.
Депутат Арейханұлы Берденбек Қоянды ауылындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Сапарлар барысында мәслихат төрағасы мен депутаттар оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, оқушыларға оқуда табыс, қызықты жаңалықтар мен жаңа жетістіктер тіледі. Ал педагогтерге кәсіби жетістіктер, шығармашылық шабыт және амандық тілек білдірді.
Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушыларына ақжолтай тілектер айтылды. Мектептегі жылдары білімге, достыққа, жарқын сәттерге және үлкен жетістіктерге толы болсын!