"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпіс төртінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Целиноград ауданында арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
Ақпарат беруші: Рашитова Айгүл Науанқызы, Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 488/64-8 «Ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының шешімдерінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы» шешімінің күшін жою туралы.
Ақпарат беруші: Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы.
3. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы