2026 жылдың 6 тамызанда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда "Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анара Беркеева баяндама жасап, аудандық бюджетті нақтылаудың негізгі параметрлерін таныстырды. Енгзілетін өзгерістер мемлекетті бағдарламаларды, әлеуметтік міндеттемелерді және ауданның дамуының басым бағыттарын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қарап, тиісті шешім қабылдады.