"Ақмола облысы Целиноград ауданының басқару сызбасын бекіту туралы" күн тәртібімен кезектен тыс сессия өтті

"Ақмола облысы Целиноград ауданының басқару сызбасын бекіту туралы" күн тәртібімен кезектен тыс сессия өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар ауданның жаңа басқару сызбасын қарастырып, бекітті. 

Аталған мәселе бойынша Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы Альбина Сайғалиқызы Махамбетова баяндама жасап, жаңа сызбаға сәйкес "Целиноград ауданының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру көзделіп отырғанын хабарлады. 

Баяндамашының айтуынша, аталған бағыттарды бір мемлекеттік мекеме аясында біріктіру кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануға, жекелеген әкімшілік рәсімдердің қайталануын болдырмауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға және басқарушылық шешімдерді қабылдау жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған жобаны қолдап, тиісті шешім қабылдады.