
Целиноград аудандық мәслихатының № 12 сайлау округі бойынша депутаты Үмітжан Оразалиева жергілікті қауымдастық және ауылдық округ әкімі Е.М. Сабыровпен бірлесіп, Тастақ станциясында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Тасты ауылдық округі командалары арасында футбол турнирі өтті. Жарысқа «Ынтымак», «Арайлы», «Қараменды батыр», «Ақмешіт», «Тастақ», «Тасты»және құрама командадан тұратын 7 команда қатысты.
Мұндай іс-шаралар бұқаралық спотты дамытуға, тұрғындар арасында достық пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ жастардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Турнирге қатысқан барлық командаларға және ұйымдастырушыға алғысымызды білдіреміз.