
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және оларды жою өз құзыреттері шегінде барлық мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы аталған саланың негізні нормативтік құқықтық актісі болып табылады. Оның мақсаты - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.
Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тетіктерін енгізу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі шараларды дәйекті түрде іске асыруда. Заңнамада заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік секторда жекелеген лауазымдарға орналасуға тыйым салуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар үшін шектеулер мен тыйым салулар көзделген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмыста Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қоғамның белсенді қатысуынсыз мүмкін еместігін бірнеше мәрте атап өтті. Парасаттылық, әділдік және заңдылық қағидаттарын қалыптастыру мемлекеттің одан әрі дамуының және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі төмендету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, озық халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген әділ құқықтық мемлекет құруға болады.
Жұмабай Бахтияр,
Целиноград аудандық мәслихаты
аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі