Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылдың 09 маусымда сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Умарова Динара Сабитовна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы. 

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Умарова Динара Сабитовна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы. 

  1. Сайлау комиссияларына өзгерістер енгізу туралы.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:    (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева