Сессия жұмысына Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Д. С., оның орынбасарлары, Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі Рахимжанов М. Х., Целиноград аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сулейменов А. Ж., дербес бөлімдердің және мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:
Баяндамашылар:
Рахимжанов Мурат Хабделмаликович, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
Сабитова Гульнар Галиулловна, Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
Талқылау барысында мәслихат депутаттары сессия жұмысына белсенді қатысып, бюджеттің атқарылуына қатысты нақтылаушы сұрақтар қойды. Бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы, ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жоспарлары жөнінде пікірлер айтылды. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер білдіріліп, бюджет үдерістерінің ашықтығын арттыру және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын күшейту қажеттігі атап өтілді.