
Отырысқа Целиноград ауданы әкімі Д.С. Сабырғали, Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 442/57-8 «2026-2028 жылдарға арналған Талапкер ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
Талқылау барысында депутаттар нақтылайтын сұрақтар қойып, ұсыныстар мен ескертулерін білдірді.