
2026 жылғы 24 сәуірде Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Оразалиева Үмітжан Алпысбайқызы Жанаесіл ауылдық округінің әкімімен бірлесіп Мортық ауылына барып, көше жарықтандыруын және спорт алаңын салуға арналған жер телімін қарады. Сонымен қатар, ауылішілік жолдарды асфальттау мәселелері талқыланды.
Осы күні Қараменді батыр ауылы мектебінің 5 жылдық мерейтойына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес Қараменді батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.