Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылдың 16 сәуірінде сағат 15-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс бесінші сессиясы шақырылады.

1. «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Умарова Динара Сабитовна, Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Шахметова Шолпан Даулбаевна, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

3. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

Ақпарат беруші: Шахметова Шолпан Даулбаевна, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

4. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы