Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы шақырылады

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы шақырылады

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 27 наурыздағы сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. 2026-2028 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

3. Басқа сұрақтар.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева