Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 16 наурыздағы сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс екінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:  

1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

3. Басқа сұрақтар.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:    (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева