Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Лязат Конарбаева Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "AMANAT" партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған әйелдер форумына қатысты.

Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Лязат Конарбаева Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "AMANAT" партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған әйелдер форумына қатысты.

Іс-шара жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтіп, еліміздің барлық өңірлерінен келген әйел-көшбасшыларды – білім беру мен денсаулық сақтау саласының өкілдерін, азаматтық сектор, волонтерлік қозғалыс, кәсіпкерлік, ғылым және әлеуметтік сала мамандарын біріктірді. Форум «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен өтіп, ашық диалог жүргізу, тәжірибе алмасу және қоғам дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Ондағы негізгі қағидаттар демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесінде адамның рөлін арттыруға бағытталған. Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Кошанов әйелдердің қоғам дамуындағы ерекше рөлін атап өтті. Ол адамға қамқорлық, отбасы алдындағы жауапкершілік және балалардың болашағына деген жанашырлық сияқты құндылықтар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарынан көрініс табатынын айтты. Сондай-ақ ол Негізгі заңның жаңа философиясының маңыздылығын – «мемлекет адам үшін қызмет етуі тиіс» деген қағидатты ерекше атап өтті. Яғни оның өзегінде әрбір азаматтың құқығы, қадір-қасиеті мен дамуына мүмкіндік беру мәселесі тұр.

Форум әйелдерді жаңа бастамаларға, тың идеяларға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шабыттандырды.

Осындай мазмұнды кездесуге қатысуға мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Еліміздің барлық өңірінен келген пікірлес әріптестермен, партиялас азаматтармен жүздесіп, тәжірибе алмасу – ынтымақтастықты нығайтып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашады.