Целиноград аудандық маслихатының кезекті сессиясы

Целиноград аудандық маслихатының кезекті сессиясы

2026 жылғы 26 ақпанда Целиноград аудандық маслихатының алпыс бірінші сессиясы өтті.

Негізгі мәселе ретінде Целиноград аудандық мәслихаты төрағасының атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Баяндама жасаған – мәслихат төрағасы Лязат Амангелдіқызы Конарбаева.

Өз сөзінде мәслихат төрағасы 2025 жылы аудандық мәслихаттың 22 сессиясы өткізіліп, онда түрлі мәселелер бойынша 149 шешім қабылданғанын атап өтті. Негізгі назар бюджеттің орындалуы мен нақтылануы, халықты әлеуметтік қолдау, тұрғын үй көмегін көрсету, инфрақұрылымды дамыту және өзге де өзекті бағыттарға аударылды.

Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін және депутаттық сауалдарды қарау жұмысы атап өтілді. Есепті кезеңде мәслихатқа жеке және заңды тұлғалардан 66 өтініш келіп түсті, олардың барлығына белгіленген тәртіппен жауаптар берілді. Депутаттар тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша 68 депутаттық сауал жолданды.

Сессия барысында депутаттар 2026 жылға Целиноград ауданында шетелдік азаматтар үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселені де қарады.

Сонымен қатар өкілді орган қызметіне қатысты ұйымдастырушылық және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.