
Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының «Ауылдардың, ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева