2026 жылдың 3 ақпанында Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Депутаттар мен шақырылған мамандардың назарында бюджетті толтыру, Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жер қатынастарын жетілдіру мәселелері болды.
Күн тәртібі аясында төмендегі мәселелер қаралды:
1.«Целиноград ауданының салықтық әкімшілендіруді жақсарту және бюджет кірістерін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы».
Баяндамашы: Рахымғалиев Жәнібек Рымтайұлы, Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.
2. Целиноград ауданында денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы
Баяндамашы: Архабаева Марал Жақсылыққызы, Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері.
3. Целиноград ауданының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінің жұмысы туралы.
Баяндамашы: Аубакиров Темірхан Қошмағанбетұлы, Целиноград ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы.
Талқылау барысында қатысушылар пікір алмасты, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныстар енгізді. Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, алдағы іс-шаралар айқындалды.