
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпанда сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселе енгізіледі:
Целиноград аудандық мәслихаты төрағасының атқарылған жұмыс туралы есебі.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева