
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. 2026-2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
2. «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 27 наурыздағы № 153/19-8 Целиноград аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат беруші: Рашитова Айгуль Науановна, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева