Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы, ол аяқталған соң кезекті сессиясы өтіп, онда алдағы үш жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы
Депутаттар аудан бюджетінің жобасын тыңдап, қаражатты тиімді бөлу бағыттары, даму басымдықтары және бюджет қаражатын пайдалану тетіктерін талқылады.
2. 2026-2028 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы
Тұрақты комиссия отырысында ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттік жобалары қаралды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындылары тыңдалды, ұсыныстар ескеріле отырып құжаттар қолдау тапты.
3. 2026 жылға арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салуға көрсетілетін әлеуметтік қолдау
Депутаттар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алуға немесе салуға арналған әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін мақұлдады.
Қабылданған шешімдер ауданның тұрақты дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.