Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:  

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. «2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы» (Қабанбай батыр, Қоянды, Талапкер).

         Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 

Ақпарат беруші:  Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

         Ақпарат беруші:  Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:    (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева