Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 21 қарашада сағат 15-00 де  Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1.Целиноград аудандық мәслихатының «Ауылдардың, ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анар Серікбайқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград ауданында арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Ақпарат беруші: Рашитова Айгүл Науанқызы, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

3. Целиноград ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақпарат беруші: Рашитова Айгүл Науанқызы, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және гендерлік саясат жөніндегі аудандық комиссия құру туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:  (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Л. Конарбаева