Аудандық мәслихатта Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін қарауға арналған экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енді:
1. Целиноград ауданындағы кәсіпкерліктің инвестициялық және инновациялық даму перспективалары.
Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Толқынбек Жәнібек Толқынбекұлы баяндамамен сөз сөйледі. Талқылау барысында шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және инновациялық жобаларды қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігі атап өтілді.
2. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерінде жол инфрақұрылымын дамыту.
Баяндаманы ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қарбай Манас Қанатұлы ұсынды. Кентішілік жолдардың жай-күйі, оларды қайта жаңарту және көлікке қолжетімділікті жақсарту үшін жол желісін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
3. Целиноград ауданында арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Бұл мәселе бойынша Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Айгүл Науанқызы Рашитова баяндама жасады. Өз сөзінде ол микро және шағын бизнес субъектілерінің салық жүктемесін төмендету, жаңа субъектілер үшін кәсіпкерлік қызметтің қолжетімділігін арттыру, арнайы салық режиміне қатысушылар санын ұлғайту есебінен салық базасын кеңейту, халықтың өзін - өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру және жұмыс орындарын құру, сондай-ақ ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру ұсынылып отырған шешімнің негізгі міндеттері болып табылатынын атап өтті.
4. Целиноград ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Айгүл Рашитова келесі жылы ауданға келетін шетел азаматтарына ұсынылатын туристік төлем мөлшерлемелері туралы баяндама жасады.
5. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және гендерлік саясат жөніндегі аудандық комиссия құру туралы.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Байдильдина Целиноград ауданы әкімдігінде отбасы және гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын комиссияның құрамына енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Ол комиссияның өкілеттіктерінің кеңейтілгенін және жұмыс бағыттарының басымдықтарын атап өтті. Атап айтқанда, отбасыларды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдікті ілгерілету және әлеуметтік мәселелерді шешуде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қарастырылатынын жеткізді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері қаралған тақырыптардың өзектілігін алға тартып, атқарушы органдар үшін ұсынымдар әзірледі және осы бағыттарда одан әрі жүйелі жұмыс атқару маңыздылығын атап өтті.
Жұмыстың нәтижесі бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулысы қабылданды. Барлық қаралған мәселелер бақылауға алынды.